«Teknofest-2025» Солтүстік Кипр Түрік Республикасында өтеді

Шара биыл 1-4 мамыр аралығында Эржан әуежайының ескі терминал ғимаратында өтеді.

2230001
«Teknofest-2025» Солтүстік Кипр Түрік Республикасында өтеді

«Teknofest» 2025 жылы Солтүстік Кипр Түрік Республикасында өтеді.

«Teknofest» жасаған мәлімдемеге қарағанда, технология мен инновацияда жаңа жол ашатын, жаңа жарыстар өтетін шара биыл 1-4 мамыр аралығында Эржан әуежайының ескі терминал ғимаратында өтеді. Солтүстік Кипр Түрік Республикасындағы жарыстар 7 негізгі және 14 қосалқы категория бойынша ұйымдастырылады.

Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының президенті Халюк Гөргүн «X» желісінде  мәлімдеме жасады. Гөргүн «Солтүстік Кипр Республикасынан  шыққан бұл ұшқын біздің ұлттық технология бастамамыздың нұрын әлемге жеткізеді. 1-4 мамырда Кипрде кездесеміз. Қорғаныс өнеркәсібін дамытуда стратегиялық маңызы бар және терең байланыстары бар Кипр «Teknofest»-пен отандық технологияларымыздың кездесу нүктесі болады. Біз бұл жаңалықты жастармен бөліскіміз келеді және баршаңызды күтеміз», - деді.  

Байкардың «X» аккаунтындағы мәлімдемеде «Ұшу күнтізбесі жасалды. Біз мамыр айында Солтүстік Кипр Түрік Республикасындамыз», -  делінген.

 



Ұқсас жаңалықтар