Сирия Сыртқы істер министрі келеді

Асад Хасан Шайбани ертең делегациясымен Түркияға келеді.

2230411
Сирия Сыртқы істер министрі келеді

Сирияда 61 жылдық Баас режимінің құлағаннан кейін құрылған жаңа әкімшілікпен Түркияның дипломатиялық байланыстары жалғасуда.

Сирияның жаңа әкімшілігінің Сыртқы істер министрі Асад Хасан Шайбани ертең делегациясымен Түркияға келеді.

Әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасаған Шайбани «Жаңа Сирияны таныстыру үшін ертең он төрт жыл бойы Сирия халқын паналатқан Түркия Республикасына алғашқы ресми сапарымызды жасаймыз» деп хабарлады.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен Сирия жиналысында Сирияның жаңа әкімшілігінің Сыртқы істер министрі Асад Хасан Шайбанимен кездескен болатын.



Ұқсас жаңалықтар