Өмер Болат Таня Файонмен кездесті
Бұл туралы министр Болат әлеуметтік желі парақшасында мәлімдеді.
2230375

Сауда министрі Өмер Болат пен Словения премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы және Еуропа істері министрі Таня Файон кездесті. Министр Болат өзінің әлеуметтік желі парақшасында Сауда министрлігінде Файонмен кездесуі туралы мәлімдеді. Болат өз жазбасында екі ел арасындағы сауда көлеміне назар аударып, «Балқандағы маңызды серіктестеріміздің бірі Словениямен 3,1 миллиард долларды құрайтын екіжақты сауда көлемін ұлғайтуға және ынтымақтастық салаларын әртараптандыруға үлкен мән береміз. Әсіресе Кедендік одақ пен Еуропалық жасыл келісім сияқты әртүрлі салаларда тығыз жұмыс істеп, әріптестікті нығайта береміз»,- деді.