Нуман Куртулмуштан бірлік пен бауырластыққа шақыру
Нуман Куртулмуш 10 қаңтар қызметтегі журналистер күні мерекесіне орай Парламент тілшілер қауымдастығына барды.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі спикері Нуман Куртулмуш Түркиядағы бірлік пен бауырластық тек бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-нің жойылуымен мүмкін болатынын айтты.
Нуман Куртулмуш 10 қаңтар қызметтегі журналистер күні мерекесіне орай Парламент тілшілер қауымдастығына барды. «Түркияның ең маңызды мақсаты бірлік пен ынтымақтастық. Бұған жетудің жолы террорсыз Түркия құру», - деді Куртулмуш.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы ең алдымен PKK-ны, кейін қару-жарақтарды жойып, Түркия демократиялық жолмен әрекет ету керектігін айтты.
Түркияның өз шекарасында террормен күресті жалғастырып жатқанын және PKK/YPG-нің қаруларды тастауға құлақ асуы керектігін атап өткен Куртулмуш «Бұл шақыруға құлақ аспай, осы террорлық әрекеттерді жалғастырамыз дегендер болса, Түркия оларға қарсы барлық шараларды қабылдайды» деді.