Хакан Фидан террор ұйымын қолдаған елдерге реакция білдірді
Министр Фидан Стамбулда жергілікті және шетелдік медиа ұйымдарының өкілдерімен кездесті.
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Сириядағы бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ны «террор ұйымы ДАИШ-пен күресеміз» деген сылтаумен қолдаған елдерге қатал реакция білдірді.
Министр Фидан Стамбулда жергілікті және шетелдік медиа ұйымдарының өкілдерімен кездесті.
Фидан Еуропадағы кейбір шағын елдердің Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) қолшатыры астында белгілі бір операцияларға (Сирияда) қатысып, сөз сөйлеуге байланысты әзірлеген саясаттарының өздеріне де, аймаққа да ықпал етпегенін айтты.
Фидан «АҚШ жоқ жерде өздері аймаққа кіріп операция немесе әскери күш жасай ала ма, жоқ па, соны көрейік, біз бұлай емес екенін білеміз. Ашығын айтсақ, Америка Құрама Штаттарының күшін пайдаланып, өз мүдделерін жүзеге асырғысы келетін елдерге мән бермейміз. Бұл мәселе бойынша біздің сұқбаттасымыз – АҚШ. Біз АҚШ-пен сөйлесіп жатырмыз. АҚШ-тан кейінгі елдермен емес», - деді ол.
Сыртқы істер министрі Фидан «Талай рет айттық. Мұндай қауіппен (PKK/YPG) өмір сүруге ешқандай мүмкіндігіміз жоқ. Қадамды не басқасы, не біз басамыз» деді.