Эрсин Татар «Отанымыз Түркияға ризамыз» деді
Президент Татар Никосияда Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесуінен кейін ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Эрсин Татар «Отанымыз Түркияға ризамыз», - деді.
Президент Татар Никосияда Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесуінен кейін ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.
Татар Түркияның Солтүстік Кипр Түрік Республикасына әр платформада көрсеткен қолдауына назар аударып, «Әділетсіз жаһандық жағдайда біз Кипр түрік халқының негізгі құқықтарын орнату және олардың егемендігі мен тең халықаралық мәртебесін бекіту үшін үлкен күрес жүргізіп жатырмыз. Осы жолда әр платформада қолдау көрсетіп, мемлекетімізді алға жылжыту және оған лайықты мәртебе беру үшін барлық ресурстарын жұмылдырып, бізді қолдаған Отанымыз Түркияға алғысымыз шексіз. Кипрде екі мемлекетті шешімнен басқа шешім жоқ екенін бәрі көріп отыр», - деді.
«Кипрлік түріктердің 50 жыл бойы көрген оқшаулануы адамзатқа қарсы қылмысқа айналды. Бұл жерде үнсіз серіктестер бар. Әдейі немесе білмей әрекет етуде. Біз Кипр халқының бұл жағдайдан ең аз зардап шегуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Соңғы 50 жыл ішінде аралда ақиқат орнықты. Барлығы екі мемлекеттік шешім мен аралды тіркеуден басқа шешім жоқ екенін көріп отыр», - деді Хакан Фидан.
Негізгі үндеуін Оңтүстік Кипр Грек Әкімшілігінің азаматтары мен саяси жетекшілеріне жасағысы келетініне назар аударған Фидан «Егер олар да Кипр аралының заманауи, дамыған, бейбіт және қауіпсіз болғанын қаласа, шешімдерін жүзеге асыруда батыл болулары керек»,- деді.
Сонымен қатар Фидан Солтүстік Кипрмен барлық салада ынтымақтастықты арттыратындарын және Греция мен Түркия арасындағы оң саяси атмосфераның аралда да орнауын қалайтындарын атап өтті.
Сыртқы істер министрі «Грекия, Түркия, Солтүстік Кипр және Оңтүстік Кипр Грек Әкімшілігінің бірігіп, аймағымызда бейбіт болашақ құруы мүмкін» деді.