Алтун «Израильдің Газадағы зұлымын әлемге жариялауда үлкен табысқа жетті» деді.
Фахреттин Алтун Анкарада 2-ші Байланыс кеңесінің дайындық семинарында сөз сөйледі.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун Түркия Телерадио корпорациясы (TRT), Анадолы агенттігі (AA) және жекеменшік ақпарат құралдарының Израильдің Газадағы зұлымын әлемге жариялауда үлкен табысқа жеткенін айтты.
Фахреттин Алтун Анкарада 2-ші Байланыс кеңесінің дайындық семинарында сөз сөйледі.
Жаһандық дағдарыстардың артқанына назар аударған Алтун президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында «Барлығы үшін әділет» ұранымен халықаралық аренада сындарлы рөл атқарғанын атап өтті.
Алтун Түркияның сындарлы рөлі мен аймақ мемлекеттерінің тұрақтылығына қосқан үлесіне халықаралық қауымдастық тарапынан да жауап берілгенін айтты.
Израильдің Газадағы басқыншылығын және Палестиналық бейбіт тұрғындарға қарсы қырғындарын тоқтату үшін бастама көтеріп, әлем халқын әрекетке шақырғандарын атап өткен Алтун «Бұл үдерісте барлық байланыс мекемелеріміз, Түркия Телерадио корпорациясы, Анадолы агенттігі және жекеменшік медиа ұйымдары Израильдің Газадағы қырғынын бүкіл әлемге жеткізуде жан аямай тер төкті және үлкен табысқа қол жеткізді» деді.
Ұқсас жаңалықтар

Президент Ердоған Малайзияда
Президент Режеп Тайып Ердоған мен Малайзия Премьер-министрі Энвер Ибрахим кездесті.