Ердоған «Палестинада да әділет орнайды» деді
Президент Ердоған үкімет отырысынан кейін мәлімдеме жасады.
2227707
Президент Режеп Тайып Ердоған «Сирияны ыдыратуға, оның унитарлық құрылымын жоюға келіспейміз. Егер қандайда бір мәселе туындаса, тез арада қажетті әрекет жасаймыз» деді.
Президент Ердоған үкімет отырысынан кейін мәлімдеме жасады.
«Газада бейбітшілік орнату үшін әрекет етудеміз. Нәтиже алғанша жалғастырамыз. Шекарасы 1967 жылы белгіленген, астанасы Шығыс Иерусалим, тәуелсіз, егемен, аумақтық тұтастықтағы Палестина мемлекеті міндетті түрде құрылады. Сирияда 61 жылдық Баас зұлымдығы мен 13 жылдық қырғыннан кейін иман және сабырмен әділет орнағаны сияқты, Палестинада да орнайды »,- деді Ердоған.