Стамбулда Газа үшін шеру
Жиналғандар Израильдің езгісін бір ауыздан айыптады.
2025 жылдың бірінші таңында Стамбулда азаматтар Израильдің Газада жасаған геноцидіне қарсы шықты.
Жиналғандар Израильдің езгісін бір ауыздан айыптады.
Тарихи түбекте орналасқан мешіттерде оқылған таң намазынан кейін он мыңдаған адам Галата көпіріне қарай жүрді. Үкіметтік емес 400 ұйымның қатысуымен ұйымдастырылған шеруде Түркия және Палестина тулары желбіреді.
Көпірдің ортасына түрік және ағылшын тілінде «Газадағы геноцидті тоқтатыңыз» деген алып баннер ілінді.
Митингте сөз сөйлеген Білім тарату қорының төрағасы Биләл Ердоған Израильдің Газада геноцидті жалғыз жасамағанын, оқ-дәрі және қаржы бергендердің де қатысушы деп есептелетінін айтты. Ол Дамаскідегідей азаттық пен әділет күні Газада да болатынын мәлімдеді.
Биләл Ердоған сөзінде «Сіздердің жеңістеріңіз біздің жеңісіміз болады деп үміттенемін» деді.
450 мың адам Израильге қарсы ұран салып, шейіттер мен палестиналықтар үшін дұға оқыды.