Түркияның ғарыш өнеркәсібі дамуда
Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр Түркияның жаңа буын авиациясында әлемдік көшбасшы екенін айтты
Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр: "Қорғаныс өнеркәсібіндегі ұлттық және өзіндік технологиялар Түркияны әлемдік көшбасшы етті",- деді.
Министр Мехмет Фатих Кажыр Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің жалпы отырысында министрліктің бюджетіне арналған талқылауда сөз сөйледі.
Қорғаныс өнеркәсібіндегі отандық және ұлттық өндірістің маңыздылығын атап өткен Кажыр санкцияларға қарамастан Түркияның жаңа буын авиациясында әлемдік көшбасшы екенін айтты.
"Баршаға белгілі болсын, қай салада ашық немесе жасырын санкция қойылса, Түркия сол салада үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Түркияға қандай жүйелер мен өнімдер берілмесе, біз олардан да жақсысын өз күшімізбен шығарамыз. Бүгінгі таңда түрік халқы «Bayraktar», «AKINCI» және «KIZILELMA» сияқты қарулы/қарусыз ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жаңа буын авиациясында әлемдік көшбасшы болып отыр", – деді министр Кажыр.
Сондай-ақ Түркияның ғарыш саласындағы жетістіктерін айтқан Кажыр: "Айға жету мүмкіндігіне ие санаулы елдердің қатарына енуімізді қамтамасыз ететін ұлттық гибридті қозғалтқышымыздың сынақтары сәтті аяқталды. Ғарыш өнеркәсібімізді дамыту арқылы жаһандық экономикадағы үлесімізді арттырамыз", – деп атап өтті.