Өмер Болат Иранда

Сауда министрі Түркия-Иран бірлескен экономикалық комиссиясының 29-шы отырысынан кейін мәлімдеме жасады.

2219866
Өмер Болат Иранда

 

Сауда министрі Өмер Болат Иранмен сауда айналымын 30 миллиард долларға жеткізуді мақсат ететіндерін айтты.

Министр Болат Иран астанасы Тегеранда өткен Түркия-Иран бірлескен экономикалық комиссиясының 29-шы отырысынан кейін мәлімдеме жасады.

Министр Болат өзара сауданы арттыру және екі ел президенттері белгілеген сауда айналымын 30 миллиард долларға жеткізу жұмыстарының жалғасатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар Өмер Болат сауда, көлік және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты арттыратындарын атап өтті.

Тегерандағы кездесулері аясында Болатты Иран президенті Масуд Пезешкиан да қабылдады.

Екі ел арасындағы ортақ кеден саудасын жеңілдету үшін шекара қақпаларын жаңартатындарына назар аударған Болат «Иранмен тағы 2 шекара қақпасын ашуға тырысудамыз. Екі ел арасында кеден мен нарықты күшейтуге тырысудамыз» деді.

Болат 2015 жылы Иранмен жасалған преференциялық сауда келісімін қайта жандандырып, туризмге қатысты жан-жақты келісімді жүзеге асырғылары келетінін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар