Ердоған «Сирияда бейбітшілік пен қауіпсіздік жолы ашылды» деді
Президент Ердоған Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орай «Бауырластық жүзі» бағдарламасында сөз сөйледі.
Президент Режеп Тайып Ердоған «Қанды Баас режимінің күйреуімен Сирияда бейбітшілік пен қауіпсіздік жолы ашылды» деді.
Президент Ердоған Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орай «Бауырластық жүзі» бағдарламасында сөз сөйледі.
Жыл сайын 10 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік адам құқықтары күні Түркияға және бүкіл адамзатқа, әсіресе құрбан болып, қысым көрген аймақтардағы халыққа жақсылық әкелсін деген Ердоған «Есігімізді қаққандарға «Сіз түріксіз бе, арабсыз ба, күрдсіз бе?» деп сұрамадық. Бізден көмек сұрағандарға «Сен мұсылмансың ба, христиансың ба, еврейсің бе?» деп сұрамадық. Түркияны паналағандарға «Сен ақсың ба, әлде қарасың ба?» деп сұраған емеспіз. Мұқтаж жандардың кім екеніне, сеніміне, нәсіліне қарамастан еліміздің есігін ғана емес, жүрегіміздің есігін де айқара аштық» деді.
Ердоған Түркия ел және ұлт ретінде адамзат сынағынан сәтті өткен мәселенің бірі Сирия екенін атап өтіп, «Сирияда бейбітшілік орныққан сайын (өз еліндегі азамат соғысына байланысты Түркияға келген сириялықтардың) өз еркімен еліне оралатындар арта түседі деген сенімдемін. Қанды Баас режимінің күйреуімен Сирияда бейбітшілік пен қауіпсіздік жолдары ашылды» деді.