Энтони Блинкен бүгін Түркияға келеді

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті хабарлады.

2219752
Энтони Блинкен бүгін Түркияға келеді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Сириядағы соңғы оқиғалар мен Газадағы атысты тоқтату үдерісіне қатысты жағдайды талқылау үшін бүгін Түркияға келеді.

АҚШ Мемлекеттік департаментінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Энтони Блинкен Иорданияның Акаба қаласынан кейін Анкараға келеді.

Блинкеннің күн тәртібінде Сирияда Башар Асад режимі құлағаннан кейін басталған өтпелі кезең мен 14 айдан бері Израильдің шабуылдарына ұшыраған Газада атысты тоқтату келісімі болады.

«Хатшы Блинкен НАТО-ның құрметті одақтасы Түркияда жоғары лауазымды тұлғалармен кездесіп, лаңкестікпен күрестен аймақтық тұрақтылыққа дейінгі ортақ басымдықтар бойынша екіжақты ынтымақтастықты талқылайды», - делінген хабарламада.

Мәлімдемеге қарағанда, Блинкен Түркия және Иорданиядағы кездесулері барысында «Сирияның есеп беретін және барша ұлтқа өкілдік ететін үкіметке өту процесіне АҚШ-тың қолдау беретінін» қайталайды.

Блинкен сондай-ақ осы өтпелі кезеңде АҚШ-тың Сирияның көршілеріне қолдау көрсетуіне тоқталып, аймақтағы қоныс аударған сириялықтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелерін талқылайды.

АҚШ министрінің тағы бір маңызды тақырыбы Газадағы атысты тоқтату процесі және осыған байланысты тұтқындардың босатылуы және Газаға көбірек гуманитарлық көмектің жеткізілуі болады.



Ұқсас жаңалықтар