Ұлттық барлау ұйымы 2 қойма, 12 жүк көлігі және 2 танкты жойды

Террор ұйымы PKK/YPG Асад режимінен алынған әскери жабдықтарды иемденді.

2219507
Ұлттық барлау ұйымы 2 қойма, 12 жүк көлігі және 2 танкты жойды

Ұлттық барлау ұйымы бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-нің Сирияның Камышлы қаласында биліктен қуылған Башар Асад режимінен алынған зымыран, ауыр қару-жарақ және оқ-дәрілер сақталған 2 қойма, 12 жүк көлігі және 2 танкты жойды.

Ұлттық барлау ұйымы сепаратист террор ұйымы PKK/YPG-нің Асад режимінен қалған зымырандарды, ауыр қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз қоймаларына апара бастағанын анықтады.

Ұйым мүшелерінің түн қараңғылығын пайдаланып, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жүк көліктеріне тиеп, конвоймен аймақтан шыққанын анықтаған барлау ұйымы әскери операция жасауға шешім қабылдады.

Операция барысында зымырандар, ауыр қарулар мен оқ-дәрілер сақталған 2 қойма, 12 жүк көлігі мен 2 танк жойылды.

Қауіпсіздік көздері Түркияға қауіп төндіруге тырысқан сепаратист террор ұйымына ешқашан рұқсат етілмейтінін мәлімдеді.

Жексенбі күні Сирияда 61 жылдық Баас режимі құлап, биліктен қуылған лидер Башар Асад елінен қашып кеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар