«TRT Халықаралық деректі фильмдер сыйлығы» беріледі
15-рет өтетін шара биыл «Кристалл жылын» атап өтеді.
Түркия Радио Теледидар Мекемесі (TRT) ұйымдастырған «TRT Халықаралық деректі фильмдер сыйлығы» биыл 15-рет өтеді. Шара ертең басталады.
TRT Түркияда және әлемде деректі фильмдер мәдениетін байытып, кәсіби және әуесқой деректі фильм түсірушілерге қолдау көрсетіп келеді.
15-рет өтетін «TRT Халықаралық деректі фильмдер сыйлығы» биыл «Кристалл жылын» атап өтеді.
12-15 желтоқсан аралығында Стамбулда өтетін шараның биылғы тақырыбы: « Ұзақ болса да, шын мәнінде өте жақын».
Шара аясында әсіресе Газа секторындағы гуманитарлық дағдарыстан бастап, әлемдегі хаос пен соғыс қатерлеріне назар аударылатын болады.
Әлемнің маңызды фестивальдерінде марапатталған деректі фильмдер мен Палестина тақырыбына арналған фильмдер арнайы іріктеумен көрермен назарына ұсынылады.
Шарада тәжірибелі режиссерлермен шеберлік сабақтары, деректі фильмдердің бүгіні мен болашағына қатысты пікірталас, панельдер және семинарлар ұйымдастырылады.
Фестивальге 4 санат бойынша 100 елден 1700-ге жуық түскен өтінім ішінен 40 финалист марапатқа таласады. Финалға қалған деректі фильмдердің көрсетілімі өтеді.
Жексенбі күні өтетін марапаттау рәсімінде «TRT 60 жылдық арнайы сыйлығымен» қатар 15 марапат өз иелерін табады.
Шараның марапаттау мен жабылу рәсімдері «TRT Belgesel» арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.