«Сириялық бауырларымыздың жанындамыз»

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Сирияда терроризм ұясының құрылуына жол берілмейтінін мәлімдеді.

2219333
«Сириялық бауырларымыздың жанындамыз»

Хакан Фидан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде бюджет талқылаулары барысында баяндама жасады.

Израильдің халықаралық құқықты елемей, Сирияның аумақтық тұтастығына қауіп төндіріп отырғанын атап өткен Фидан: «Газаны қиратқан Израиль енді сириялық бауырларымыздың болашағына қауіп төндіріп отыр», – деді.

Израильдегі оккупациялық көзқарастың өзгермегенін баса айтқан Хакан Фидан: «Түркия бұрынғыдай сириялық бауырларымыздың жанында болуды жалғастырады», – деп, Түркияның Сирияның ұлттық бірлігіне, тұрақтылығына, егемендігіне, аумақтық тұтастығына және әл-ауқатына үлкен мән беретінін айтты.

Сирияда терроризм ұясының құрылуына жол берілмейтінін ерекше атап өткен Сыртқы істер министрі «Сирияның терроризмнің орталығына айналуына жол бермейміз. ДАИШ пен PKK-ның қазіргі жағдайды пайдалануына тосқауыл қою үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Терроризммен күресті көп қырлы және динамикалық стратегиялармен жалғастырамыз», – деді.



Ұқсас жаңалықтар