Президент Ердоған кейбір басшылармен сөйлесті
Телефонда Сириядағы соңғы өзгерістер, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Президент Режеп Тайып Ердоған Италия премьер-министрі Джорджия Мелони, Германия канцлері Олаф Шольц және Еуропа комиссиясы төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен телефон арқылы сөйлесті.
Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының мәлімдемесіне қарағанда телефонда Сириядағы соңғы өзгерістер, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Президент Ердоған Мелонимен әңгімесінде соңғы оқиғалардың Түркия ұстанған гуманитарлық және саналы саясаттың қаншалықты дұрыс екенін көрсеткенін, Түркияның Сирияда бейбітшілік, еркіндік, диалог және әділеттілік үшін ұстанымын жалғастырғанын атап айтты.
Президент Ердоған бұл жолы Сирияда Израиль басқыншылығының пайда болғанын, бұл елдің террорлық элементтерден тазартылуы керектігін айтты.
Ердоған Германия канцлері Олаф Шольцпен де телефон арқылы сөйлесті. Телефон әңгімесінде Сириядағы соңғы жағдай, аймақтық және жаһандық оқиғалар қолға алынды.
Президент Ердоған Урсула фон дер Ляйенмен телефон әңгімесінде Түркияның Сирияны террорлық элементтерден тазарту, бірлігін қамтамасыз ету, аумақтық тұтастығын қорғау үшін алдағы уақытта да Сирия халқына күшті қолдау көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді. Ердоған сириялықтардың еліне қауіпсіз және өз еркімен оралу үдерісінің жоспарланғанын және Сирияның қайта қалпына келтіру жұмыстарының азаматтардың оралуын жеделдететінін айтты.
Сонымен қатар Урсула фон дер Ляйен Сириядағы оқиғаларды талқылау және президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесу үшін алдағы аптаның басында Түркияға баратынын хабарлады.