"Израильдің жолы - жол емес"

Президент Ердоған Президенттік кешенінде өткен 15-ші Елшілер конференциясында қатысушыларға сөз сөйледі.

2219229
"Израильдің жолы - жол емес"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Израиль үкіметінің қыңырлықпен ұстанған жолы, шынын айтқанда, жол емес» деді.

Президент Ердоған Президенттік кешенінде өткен 15-ші Елшілер конференциясында қатысушыларға сөз сөйледі.

Газада және басып алынған Палестина жерлерінде 14 айдан бері жалғасып келе жатқан және 70 пайызы балалар мен әйелдерден тұратын 50 мыңнан астам палестиналықтың өмірін қиған Израиль қырғынын тоқтату мүмкін емес екенін атап көрсеткен Ердоған осы ел билігінің аймақтағы мәселелерді одан сайын күрделендіре отырып, шабуылын үдете түскенін айтты.

“Қауіпсіздікке көп қан төгу және жазықсыз бейбіт тұрғындарға көбірек бомба лақтыру арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Израиль үкіметінің қыңырлықпен ұстанған жолы, шынын айтқанда, жол емес» деді президент.



Ұқсас жаңалықтар