Асад елінен қашып бара жатып түрік әуе кеңістігін қолданбаған
Асадтың елінен қашып бара жатып түрік әуе кеңістігін пайдаланбағаны хабарланды.
2219332
Сирияда құлаған Баас режимінің тақтан тайдырылған жетекшісі Башар Асадтың елінен қашып бара жатып түрік әуе кеңістігін пайдаланбағаны хабарланды.
Ресми ақпарат көздері түрік әуе кеңістігін пайдаланудың рұқсатқа байланысты екенін, Асадты Ресейге жеткізген ұшақтың түрік әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат сұрамағанын хабарлады.
Ресей Сыртқы істер министрлігі 8 желтоқсанда Сирияда құлаған Баас режимінің биліктен қуылған жетекшісі Асадтың отставкаға кетуге шешім қабылдап, елден кеткенін хабарлаған еді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та 9 желтоқсанда Асад пен оның отбасына баспана беру шешімі Ресей президенті Владимир Путинге тиесілі екенін айтқан болатын.