Ыспартада әскери тікұшақ құлады
Апат салдарынан 6 әскер шейіт болды.
2218590
Ыспартада әскери тікұшақтың құлауы салдарынан 6 әскер шейіт болды. Ыспартаның Кечиборлу аудан орталығында екі тікұшақтың бірі апатқа ұшырап, екіншісі аман-есен қонды.
Апат салдарынан 5 әскери қызметкер шейіт болып, бір қызметкер жарақат алды. Ауыр жарақатпен ауруханаға жөнелтілген қызметкерді құтқару мүмкін болмады. Осылайша апатта шейіт болғандар саны 6-ға жетті.