Түркия Сыртқы істер министрі Сириядағы жағдайды талқылады

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан бірнеше елдегі әріптестерімен Сириядағы жағдайды талқылады.

2218512
Түркия Сыртқы істер министрі Сириядағы жағдайды талқылады
cekya disisleri jan lipavsky-fidan.jpg
pakistan disisleri bakani muhammed ishak dar-hakan fidan.jpg

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Чехия Сыртқы істер министрі Ян Липавский, Пәкістан Сыртқы істер министрі Мұхаммед Ишак Дармен, Латвия Сыртқы істер министрі Байба Браземен және Ұлыбритания Сыртқа істер министрі Дэвид Ламмимен телефон арқылы Сириядағы жағдайды талқылады.

Чех әріптесі Липавскиймен Сириядағы соңғы оқиғалар қаралып, бұл елде тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін оның аумақтық тұтастығы мен саяси бірлігі маңызды екені атап өтілді.

Пәкістан Сыртқы істер министрімен әңгімеде тұрақты және гүлденген Сирия құру үшін террорлық ұйымдарға қарсы күресті жалғастырудың маңызына баса назар аударылды.

Латвиялық әріптесі Байба Браземен Сириядағы соңғы оқиғалар және олардың аймақтық әсерлері талқыланды.

Ал британдық әріптесі Ламмимен өткен телефон әңгімесінде Сириядағы жағдайдың жаһандық және аймақтық деңгейдегі теріс салдарын болдырмауға бағытталған шаралар қаралды.

Сирияда 27 қарашада режим күштері мен қарулы топтар арасындағы қақтығыстар күшейді. 7 желтоқсанда Дамаск қаласына кіре бастаған топтарға халықтың қолдау көрсетуімен режим бұл аймақта және басқа да көптеген өңірде бақылаудан шығып, құлады.

Кеше 61 жыл бойы билік құрған Баас партиясының дәуірі аяқталып, режим басшысы Башар Асад ел астанасынан қашып кеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар