Түркия-Сирия шекарасында ұзын кезек
Сириялықтар отанына оралуда.
Азаматтық соғыс кезінде Түркияны паналаған сириялықтар 61 жылдық Баас режимі құлатылғаннан кейін еліне оралу үшін Хатайдағы Джилвегөзү шекарасына қарай ағылды.
Сириялықтар Рейханлы ауданындағы шекара қақпасында таңертең ерте кезекке тұрып, кедендік процедураларды күтуде.
Адем Мұхаммед Зин туған қаласы Дамаскіге жолға шыққандарын айтты.Ұзақ жылдан кейін елінің азат етілгенін қуана қарсы алғандарын айтқан Зин «Жолымыз ашылды, Асад кетті, соғыс аяқталды. Стамбулда 10 жыл тұрдым. Түріктерге Алла разы болсын, бізге көп көмектесті» деді.
Али Хасико туған жері Хамаға оралу үшін 12 жыл күткендерін айтты. Түркияға ризашылығын білдірген Хасико «Бізге қонақжайлылық танытқаны үшін Түркияға алғыс айтамын» деді.
Ибрахим Әл Мута 6 адамдық отбасымен Хамаға баруды күтіп отырғандар арасында. 11 жылдай Түркияда тұрған Әл Мута «Аллаға шүкір соғыс аяқталды. Түркия өте әдемі, бірақ біздің отанымыз - Сирия» деді.
27 қарашада Сирияда режим күштері мен қарсылас қарулы топтар арасында қақтығыстар күшейіп, 7 желтоқсанда Дамаскіге кіре бастаған топтарға халық қолдау көрсеткен еді. Нәтижесінде режим бақылаудан толығымен айырылып, күйреді. Кеше елдегі Баас партиясының 61 жылдық билігі аяқталып, режим жетекшісі Башар Асад елден қашып кетті.