Ердоған: «Халықаралық сот өте орынды шешім қабылдады»
Президент Ердоған Газиантепте жастармен кездесті.
Президент Режеп Тайып Ердоған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Халықаралық қылмыстық соттың шешімін орындауын күтпегенін, бірақ бұл шешімнің Израильге қарсы елдердің күресте жеңіске жетуі тұрғысынан маңызды екенін айтты.
Президент Ердоған апта соңы Газиантепте жастармен кездесті.
Бір студент «Халықаралық соттың Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды тұтқындау туралы шешімін қалай бағалайсыз?» деген сұрағына Ердоған «Халықаралық сот өте орынды шешім қабылдады. Бірақ Нетаньяху бұған дейін шығарылған шешімдерді ешқашан орындамады. Ол бұл шешімді де орындамайды. Ол орындаса да, орындамаса да, бұл шешім Израильге қарсы елдердің жеңіске жеткенін білдіреді» деді.
Әлемнің мүлдем басқа бір үдерістен өтіп жатқанына назар аударған Ердоған «Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) Дональд Трамп әкімшілігі билікке келеді. Біз Трамппен бірге АҚШ-тағы жаңа әкімшіліктің қалай құрылатынын көреміз. Осы өзгерістермен әлем мүлдем басқа орынға айналады. Сондықтан алдағы 2-3 ай біз үшін өте маңызды» деді.