Елшілердің 15-ші конференциясы өтеді

Конференцияға Түркияның 146 елшілігі және 13 тұрақты өкілдігінен елшілер қатысады.

2218486
Елшілердің 15-ші конференциясы өтеді

Бүгін Сыртқы істер министрлігі жыл сайын ұйымдастыратын Елшілердің 15-ші конференциясы басталады. Конференция Анкарада «Түркияның дипломатиялық қадамдары және жаһандық ойлары» тақырыбымен өтеді.

Конференция аясында аймақтық және тақырыптық талдау отырыстарында Түркияның сыртқы саясатымен тығыз байланысты аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша жан-жақты кеңестер өткізіледі.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан ашылу салтанатында сөз сөйлейді. Конференцияға Түркияның 146 елшілігі және 13 тұрақты өкілдігі мен  Сыртқы істер министрлігінің орталық ұйымында қызмет ететін  елшілер, жоғары деңгейдегі лауазымды тұлғалар қатысады. Конференция 13 желтоқсанға дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар