Президент Ердоған Стамбул білім саммитіне хабарлама жолдады
Ердоған «Түркия жоғары білім беруде халықаралық студент квотасы бойынша әлемдегі алғашқы 10 ел арасында» деді.
Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия жоғары білім беруде халықаралық студент квотасы бойынша әлемдегі алғашқы 10 ел арасында екенін білдірді.
Президент Ердоған Түркияның Маариф қоры онлайн режимде ұйымдастырған «Тең және әділетті қоғам мен тұрақты болашақ үшін білім» атты 4-ші Стамбул білім саммитіне хабарлама жолдады. Ердоған әлемнің көптеген елінде студенттер ұшырайтын теңсіздіктерге қатысты мәселелер, білім және мемлекет, білім және әлеуметтік әділеттілік сынды мәселелер талқыланатын саммиттің нәтижелі болатынына сенетінін айтты.
«Еліміз биыл 338 мың 161 халықаралық студентке білім беріп жоғары білім беру әлеуетінің 4,76 пайызын құрайтын квотамен әлемдегі алғашқы 10 елдің қатарына кірді. 446 мектеп, 1 университет, 19 білім орталығы, 11 Түркия зерттеу орталығы және 44 жатақханасы бар Түрік Маариф қоры 55 елде барлығы 50 мыңнан астам студентке қызмет көрсетеді» деді.
Қор осы оқу орындарында жергілікті оқу бағдарламасымен бірге халықаралық білім беру әдістерін сәтті қолданып жатқанын атап өткен Ердоған «Косоводан Колумбияға, Иорданиядан Пәкістанға, Оңтүстік Африкадан Әзербайжанға, Ауғанстаннан Сомалиге дейін әлемнің 55 елінде қызмет ететін қор қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймын» деді.