Президент Ердоған Сириядағы оппозицияның мақсатының Дамаск екенін айтты
Президент Ердоған Стамбулда жұма намазынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Президент Режеп Тайып Ердоған Сириядағы оппозицияның мақсатының астана Дамаск екенін айтты.
Президент Ердоған Стамбулда жұма намазынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сирияда 27 қарашада Алеппоның батысында режим күштері мен оппозициядағы қарулы топтар арасында басталған қақтығыстарға тоқталған Ердоған "Қазіргі уақытта Идлиб, Хама және Хомс алынды. Мақсат әрине Дамаск. Оппозицияның бұл шеруі әзірге жалғасуда. Сириядағы бұл өзгеріс ешбір апатсыз және қиындықсыз жалғасады деп үміттенеміз" деді.
Сирия президенті Башар Асадқа телефон шалып, «Кездесейік, Сирияның болашағын бірге белгілейік» дегенін еске салған президент "Өкінішке қарай, Асадтан бұл мәселеге оң жауап ала алмадық. Қазіргі уақытта Идлибтен кейін Хомс қайтадан оппозицияның қолында және Дамаскіге қарай жылжып барады. Бұл алаңдатарлық оқиға аймақта әлі де жалғасуда. Біз бұларды қалаған жоқпық» деді.
Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарына тоқталған Президент аймақта жағдайдың қиын екенін білдірді. Ол Түркияның әлем үнсіз қалған кезде көмек беруін жалғастыратынын айтты.