Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
Ердоған Сирияның бұдан да үлкен тұрақсыздыққа ұшырамауы және бейбіт тұрғындардың құрбаны болмауы Түркияның ең үлкен тілегі екенін айтты.
Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті.
Телефон әңгімесінде президент Ердоған Сирия қақтығысының жаңа кезеңге келгенін және Сирияның бұдан да үлкен тұрақсыздыққа ұшырамауы және бейбіт тұрғындардың құрбаны болмауы Түркияның ең үлкен тілегі екенін айтты.
Сирия режимінің қазіргі кезеңде жан-жақты саяси шешім үшін өз халқын шұғыл түрде тартуы керектігін атап көрсеткен Ердоған Түркияның шиеленісті азайту, бейбіт тұрғындарды қорғау және саяси процеске жол ашу үшін күш салып білдірді.
Антониу Гутерриш Сирия мәселесіне қатысты жазбаша мәлімдемесінде «Біз ел көлемінде атысты тоқтату келісімінің және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес саяси шешімге бағытталған істердің сәтсіздігінің ауыр зардаптарымен бетпе-бет келіп отырмыз» деді.
Аймақта он мыңдаған бейбіт тұрғынға қауіп төніп тұрғанын және барлық тараптардың халықаралық құқыққа сәйкес бейбіт тұрғындарды қорғауға міндетті екенін атап көрсеткен Гутерриш «Қан төгуді тоқтату керек. Сирия халқының ұзаққа созылған азабы доғаруға шақырамын» деді.
Сириядағы режим күштері мен қарсылас қарулы топтар 27 қарашадан бері қақтығысып жатыр.