Жапония ханзадасы Түркияға келді

Мұрагер ханзада мен ханшайымды президент Режеп Тайып Ердоған мен жұбайы Емине Ердоған қабылдайды.

2216814
Жапония ханзадасы Түркияға келді
japonya veliaht prens ve prenses-anitkabir.jpg
japonya veliaht prens ve prenses-Turkiye.jpg

Түркияға жапон императорлық әулетінің тақ мұрагері мен ханшайымы деңгейіндегі алғашқы сапары бүгін жүзеге асырылады.

Жапония тақ мұрагері Фумихито мен мұрагер ханшайымы Кико екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 100 жылдығына орай Түркияға келді.

Бас қала Анкарада тақ мұрагері мен ханшайымы алдымен Түркия Республикасының негізін қалаушы, ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүріктің мәңгі мекені Анытқабірге барды.  Делегация Ататүрік кесенесі мен ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Мұрагер ханзада мен ханшайымды президент Режеп Тайып Ердоған мен жұбайы Емине Ердоған қабылдайды.

7 желтоқсанға дейін жалғасатын сапарда ханзада мен ханшайым Стамбулдағы қоғамдық және мәдени шараларға қатысады және Кыршехирдің Каман ауданында түрік және жапон археологтары бірлесіп жүргізген Калехөйүк қазба орнын аралайды.



Ұқсас жаңалықтар