Түркия мен Түрікменстан арасында сауда дамуда

Сауда министрі Өмер Болат алдағы мақсат екі ел арасындағы сауда көлемін 5 миллиард долларға жеткізу екенін мәлімдеді.

2217005
Түркия мен Түрікменстан арасында сауда дамуда

 

Түркия мен Түрікменстан арасындағы сауда дамуда.

Түрік компаниялары бүгінге дейін Түрікменстанда мыңнан астам жобаны жүзеге асырды.

Ашхабадта кездесулер өткізген Сауда министрі Өмер Болат алдағы мақсат екі ел арасындағы сауда көлемін 5 миллиард долларға жеткізу екенін мәлімдеді.

Түрікменстан 11-ші Түрік экспорт өнімдері жәрмеңкесінің ашылуында сөз сөйлеген Өмер Болат  Түркияның Түрікменстандағы мердігерлік жұмысына да назар аударды.

Министр Болат «Түркиялық мердігер компаниялар Түрікменстанның дамуындағы маңызды тарап ретінде жалпы құны 53,5 миллиард долларлық 1087 жобаны қолға алып, құрылыс жұмыстарын жүргізді» деді.

2 күнге созылатын жәрмеңкеге 75 түрік фирмасы қатысуда.



Ұқсас жаңалықтар