Хакан Фиданның НАТО жиыны аясындағы кездесулері жалғасуда

Кездесулерде Сириядағы оқиғалар, Газа мен Украинадағы соңғы жағдай талқыланды.

2216937
Хакан Фиданның НАТО жиыны аясындағы кездесулері жалғасуда

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Брюссельде НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысы аясында грек әріптесі Йоргос Ерапетритиспен кездесті. Кездесу барысында аймақтық мәселелер мен екі ел арасындағы қарым-қатынастар талқыланды.

Фидан кеше Германия Сыртқы істер министрі Аннален Баербок, Канада Сыртқы істер министрі Мелани Джоли және Испания Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбареспен жеке-жеке кездесті. Кездесулерде Сириядағы оқиғалар, Газа мен Украинадағы соңғы жағдай талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар