Түркия мен Грекия арасында «позитивті күн тәртібі»

Бүгін екі ел арасында «саяси диалог» кездесуі өтеді.

2216414
Түркия мен Грекия арасында «позитивті күн тәртібі»

Түркия мен Грекия арасындағы «позитивті күн тәртібі» аясындағы келіссөздер жалғасуда. Грекия астанасы Афинада екі ел делегациялары «позитивті күн тәртібі» атты кездесу өткізді. Бүгін екі ел арасында «саяси диалог» кездесуі өтеді. Екі жиында да түрік делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Елші Мехмет Кемал Бозай басқарады.

Кешегі жиында Түркия мен Грекия арасындағы «Ақылды қалалар» тақырыбындағы «Hackathon» байқауына өтінімдерді қабылдау басталғаны жарияланды. Байқау түрік және грек жастары арасында инновацияны, ынтымақтастық пен өзара түсіністікті дамытуды көздейді. Жарыстың ақтық бөлімі 2025 жылдың 20 ақпанында Түркияда өтеді. Марапаттау рәсімі 27 ақпанда Афинада өтеді деп жоспарлануда.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун Афинада өткен 4-ші Түрік-Грек медиа және академия форумына бейне үндеу арқылы қатысты. Түркия мен Грекия арасындағы ынтымақтастықтың қажеттілігіне тоқталған Алтун «Мәселемізді басқалармен емес, бір-бірімізбен бөлісуіміз керек. Түркия мен Грекия бірін-бірі көбірек тыңдап, өзара түсінісуі керек» деді.

Алтун Ердоғанның 7 жылдан кейінгі Афинаға сапары мен оң диалогтың маңызды көрсеткіштердің бірі болғанын айтып, «Осы оң серпіннің сақталатынына үміттенемін» деді.  



Ұқсас жаңалықтар