«Пенче-Килит» операциясы аймағында 1 шейіт

Бұл туралы Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

2216400
«Пенче-Килит» операциясы аймағында 1 шейіт

Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Килит» операциясы аймағында 16 қараша күні сепаратист террор ұйымы мүшелері оқ жаудырып, нәтижесінде сержант Эрен Қызылдаг шейіт болды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде «Пенче-Килит» операциясы аймағында 16 қараша күні «сепаратист террор ұйымы мүшелері оқ жаудырып, нәтижесінде сержант Эрен Қызылдаг ауыр жараланды. Гүлхане ғылыми-зерттеу ауруханасында дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан сержант кеше шейіт болды. Әзиз шейітімізге Алладан  рақым, отбасына, Түрік Қарулы күштеріне және халқымызға қайғырып көңіл айтамыз» делінген.



Ұқсас жаңалықтар