«Түркия қоғамдық дипломатиясының стратегиялық құжаты» жарияланды
Құжатта Түркияның халық дипломатиясына қатысты стратегиялық мақсаттары мен міндеттері қамтылған.
![«Түркия қоғамдық дипломатиясының стратегиялық құжаты» жарияланды](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/a031/c669/aefb/66d5794ea1557.jpg?time=1737680160)
5 жылдық «Түркия қоғамдық дипломатиясының стратегиялық құжаты» жарияланды.
Құжатта Түркияның халық дипломатиясына қатысты стратегиялық мақсаттары мен міндеттері қамтылған.
Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы жариялаған құжатта президент Режеп Тайып Ердоғанның таныстыру хаты да орын алды. Халық дипломатиясының маңыздылығына назар аударған Ердоған «Жұмсақ күш ұғымы төңірегінде қалыптасып, маңызы күн өткен сайын артып келе жатқан халық дипломатиясына аса мән береміз» деді.
Ердоған гуманитарлық дипломатиядан туризм, сауда, қорғаныс, білім және денсаулық дипломатиясына дейін барлық салада жұмыс атқарып жатқандарын білдірді.
«Мейірімді күш» ретінде танылған Түркияның аймақта және әлемде мазлұмдарға, зардап шеккендерге және мұқтаж жандарға көрсеткен көмегін еске салған президент Ердоған «Соғыстан, зорлық-зомбылықтан, террордан қашқан миллиондаған адамға бөліп-жармай қолдау көрсеттік. Қолдау көрсетуді жалғастырамыз» деді.
Ердоған Түркия ұлттық табыспен салыстырғанда гуманитарлық көмек бойынша әлемде бірінші орында екенін атап өтті. Ердоған «Түркия ғасырын» «Қарым-қатынас ғасыры» ету мақсатында әрекет ететіндерін мәлімдеді.
Президент Ердоған «Түркия қоғамдық дипломатиясы стратегиялық құжаты» еліміздің жұмсақ күш әлеуетін арттырып, қоғамдық дипломатияға жаңа тыныс болатынына және мемлекетаралық қарым-қатынастарға бейімделуге үлес қосатынына сенемін» деді.