Алтун медиа империализміне назар аударды

Фахреттин Алтун Стамбулда өткен «Жаңалықтардың авторлық құқығы және жасанды интеллект симпозиумында» сөз сөйледі.

2216056
Алтун медиа империализміне назар аударды

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун медиа империализміне назар аударып, батыстық медиа компанияларының жаһандық әділетсіздікті таратып жатқанын айтты.

Фахреттин Алтун Стамбулда өткен «Жаңалықтардың авторлық құқығы және жасанды интеллект симпозиумында» сөз сөйледі. Бүгінгі таңда адамзаттың жаһандық деңгейде әділет мәселесімен күресіп жатқанын атап көрсеткен Алтун «Бұл әділет дағдарысын тереңдететін негізгі динамиканың бірі –медиа империализмі және цифрлық фашизм» деді.

Батыс медиа компанияларының жаһандық әділетсіздікті таратқанын атап көрсеткен Фахреттин Алтун «Батыс медиа компаниялары дүние жүзіндегі ақпарат көздерін, әсіресе әлеуметтік медиа платформалары мен түпнұсқа жаңалықтар мазмұнын пайдаланып, осы мазмұнды өздері қалаған форматта тарату арқылы орасан табыс табады» деді.

Ол жасанды интеллект технологиясының әділеттілік қағидасына сәйкес қолданылуы керектігін айтты.  «Біз жасанды интеллект технологияларына сақтықпен қараймыз. Ең бастысы – жасанды интеллекті ақиқат жолында қолдану. Медиа саласында жасанды интеллект технологияларын қолдану әлеуметтік әділеттілік пен ашықтық қағидаттарына сай болуы керек» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар