"Газада атыстың тоқтауы қажет"

Президент Ердоған Стамбул Конгресс орталығында басталған «TRT World» форумында сөз сөйледі.

2215396
"Газада атыстың тоқтауы қажет"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Газада атысты мүмкіндігінше тезірек тоқтату шарты орнатылуы керек. Түркия мұны бірінші күннен айтып келеді» деді.

Президент Ердоған Стамбул Конгресс орталығында басталған «TRT World» форумында сөз сөйледі.

Ердоған “Біз Израиль мен Ливан арасында бір күн бұрын қол жеткізілген атысты тоқтату келісімі тұрақты болады деп үміттенеміз. Газадағы геноцидті тоқтату және түбегейлі бейбітшілікке жол ашу үшін жауапкершілік алуға дайынбыз. Газада атысты мүмкіндігінше тезірек тоқтату шарты орнатылуы керек” деді.

Президент өз сөзінде Біріккен Ұлттар Ұйымының  (БҰҰ) өзгеруі керек екенін де айтты. “БҰҰ-ны тез өзгерту керек. 5 тұрақты мүше, 15 уақытша мүше. Бұлай болмайды. Бұл әлемді бұлай басқаруға болмайды. Енді осы БҰҰ-мен жолымызды жалғастыра аламыз ба? Жоқ. БҰҰ-н толығымен реформалау керек", - деді ол.

Режеп Тайып Ердоған «Біздің қоғамдық хабар таратушы Түркия Телерадио Корпорациясы (TRT) адамдық және құндылыққа бағытталған хабарларымен Түркияның беделді мекемелерінің бірі болып табылады. «TRT World» форумы – әлемге түрлілік ұсынатын платформа. «TRT World» форумы тек пікір алмасу алаңы ғана емес, сонымен бірге әлемдегі мәселелердің шешімін іздеудің нақты болатын ретінде қараймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар