Бітімгершілік семинары өтті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан бітімгершілік аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

2215202
Бітімгершілік семинары өтті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан бітімгершілік семинарында сөз сөйледі. Сыртқы істер министрлігінің стратегиялық зерттеулер орталығы дирекциясы және Халықаралық бітімгершілік басқармасымен бірлесіп өткізген Анкарадағы семинарға Сыртқы істер министрлігі бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары, университет ғалымдары мен талдау орталықтарының өкілдері қатысты.

Министр Фидан семинарда бітімгершілік аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен болашаққа көзқарас туралы баяндады. Осы саладағы тәжірибесімен бөліскен министр Фидан Түркияның халықаралық аренадағы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудегі маңызды рөліне тоқталды.

Семинар сессияларында Түркияның халықаралық бітімгершілік саласындағы қазіргі жағдайы жан-жақты талқыланып, Түркияның болашақтағы ықтимал тенденциялары қарастырылды. Сондай-ақ семинарда Түркияның бітімгершілік саласындағы рөлі, болашақта бітімгершілік рөлінің қай салаларда тиімді болатыны және дамыту мәселелері талқыланды.

Түркия профилактикалық дипломатия мен бітімгершілікке берген маңыздылығының арқасында аймақта көптеген бітімгершілік бастамаларына жетекшілік етуде.



Ұқсас жаңалықтар