«TRT World» форумы ертең басталады
«TRT World» форумы Стамбулда өтеді.
Түркия Телерадио Корпорациясы (TRT) ұйымдастырған «TRT World» форумы 29-30 қараша күндері Стамбулда «Шешуші кезеңде әлем: дағдарыстар мен өзгерістерді басқару» деген тақырыппен өтеді.
TRT бас директоры Мехмет Захид Собажы 2017 жылы алғаш рет ұйымдастырған «TRT World» форумының әлемнің назарын Түркияға аударатынын айтты.
Бұл форум әлемдегі әділдікке апаратын идеялар талқыланатын платформа құру мақсатымен ұйымдастырыла басталды. Собажы әлемде болып жатқан оқиғаларды шешу үшін жылдар бойы күш-жігерлерін ортаға салғандарын айтты.
«TRT World» форумының тек пікірталас алаңы емес, сонымен қатар халықаралық мәселелерге нақты шешімдер ұсынатын өзара әрекеттесу алаңы екенін атап көрсеткен Собажы былай деп жалғастырды: "Осы тұрғыдан алғанда форумымыз өз салаларындағы мамандарды жаһандық деңгейде біріктіру арқылы ынтымақтастықтың негізін қалауда рөл атқарады. «TRT World» форумы арқылы біз әртүрлі географияларда қысымға ұшырағандардың даусын естиміз. Сонымен бірге жәбірленушілермен қатар еленбеген және жалғыз қалғандарды да халықаралық күн тәртібіне шығарамыз.
«TRT World» форумы - Президентіміз Режеп Тайып Ердоған мырзаның «Әлем бестен үлкен» мәлімдемесіндегі және «Әділетті әлем мүмкін» деген ұранмен нығайтылған түсіністіктің көрінісі. Езілгенге қысым көрсететін және зұлымдыққа үнсіз қалатын үстем жаһандық жүйеге қарсы ұстанымды білдіру».
Собажы форумға президент Режеп Тайып Ердоған мен министрлердің қатысуы жоспарланғанын білдірді.
Биылғы жылы форумға әртүрлі елден 1500-ден астам қатысушы мен 30-дан астам елден 150-ге жуық спикер қатысатынын түсіндірген Собажы екі күндік іс-шарада спикерлердің ашық сессиялар мен дөңгелек үстел отырыстарында маңызды мәселелерді талқылайтынын айтты.
Климат дағдарысынан экономикаға, геосаясаттан технологияға, медиадан халықаралық құқыққа дейін күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің талқыланатынын атап көрсеткен Захид Собажы форум аясындағы отырыстарға бұрынғы президенттер, түрлі елдердің бұрынғы және қазіргі министрлері, елшілері, халықаралық институттар мен ұйымдардың басшылары мен өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, құқық қорғаушылар мен бизнес өкілдері қатысатынын мәлімдеді.
Собажы сарапшылар мен ғалымдар арасында өтетін дөңгелек үстел отырыстарында Африкадан Еуропаға, Орталық Азиядан Азия-Тынық мұхиты аймағына дейінгі әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі маңызды сұрақтар мен мәселелерге жауап пен шешімдер ізделетінін түсіндірді.
Газа мәселесінің тек «TRT World» форумында ғана емес, TRT жыл бойы ұйымдастырған барлық шаралар мен хабарларда да күн тәртібінде тұрғанына назар аударған Собажы Газада жалғасып жатқан геноцидтің форумның маңызды отырыстарында талқыланатынын білдірді.