"Бейбітшілік үшін үлес қосуға дайынбыз"
Президент Ердоған партиясының мәжілістегі жиналысында сөз сөйледі.
Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Газадағы қырғынды тоқтату және атысты тоқтату үшін кез келген үлесті қосуға дайын екенін баса айтты.
Президент Ердоған өзі төрағасы болып табылатын Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі жиналысында сөз сөйледі.
Ердоған басталғалы мың күн болған Ресей-Украина соғысы мен 14-ші айына жеткен Газа геноциді сияқты аймақтағы барлық дағдарысты шешу үшін талпынып жүргендерін білдірді.
Бүгін таңертең Израиль мен Ливан арасындағы атысты тоқтату келісіміне риза болғандарын атап көрсеткен президент Ердоған «Барлық тараптардың, әсіресе Израильдің бейбітшілікті сақтау тұрғысынан жауапкершіліктерін мүлтіксіз орындауын күтеміз» деді.
Президент Түркияның Газадағы қырғынды тоқтатуға және атысты тоқтатуға кез келген үлес қосуға дайын екенін айтты.