"Атысты тоқтату түбегейлі болады деп үміттенеміз"
Сыртқы істер министрлігі Израиль мен Ливан арасындағы атысты тоқтатуға байланысты мәлімдеме жариялады.
Түркия Ливандағы «атысты тоқтату тұрақты болады деп үміттенетінін» жариялады.
Сыртқы істер министрлігі Израиль мен Ливан арасындағы атысты тоқтатуға байланысты мәлімдеме жариялады.
Мәлімдемеде «Ливанда атысты тоқтату туралы келіссөздердің оң нәтижесін құптаймыз және атысты тоқтатудың түбегейлі болуын тілейміз» деп айтылды.
Мәлімдемеде Түркияның Ливанда азаматтық бейбітшілік орнату үшін қажетті қолдауды көрсетуге дайын екені атап көрсетілді. Сонымен бірге «Халықаралық қоғам Израильге атысты тоқтату келісімін мүлтіксіз орындауы және Ливанда келтірген зиянның орнын толтыруы үшін қысым жасауы керек. Ливанда азаматтық бейбітшілік орнату үшін қажетті қолдауды қамтамасыз етуге Түркия дайын» деп айтылды. Мәлімдемеде сондай-ақ «Осы мүмкіндікті пайдаланып, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Газада да мүмкіндігінше атысты тоқтату тезірек жариялануы керек екенін еске салғымыз келеді. Израиль өзінің агрессивті саясатын тоқтатуы керек» деген сөздерге орын берілді.
Ливан мен Израиль арасында жасалған атысты тоқтату келісімі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:00-де күшіне енді.