Биыл жыл басынан бері 2 мың 564 террорист залалсыздандырылды
Бұл туралы Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер мәлімдеді.
Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер «Биыл жыл басынан бері 2 мың 564 террорист залалсыздандырылды. Батыр түрік әскерінің үлкен күш-жігерінің арқасында Зап аймағындағы террор операциясы аяқталды» деді.
Министр Гүлер Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Жоспарлау және бюджет комиссиясында Ұлттық Қорғаныс министрлігінің 2025 жылға арналған бюджет талқылаулары туралы ақпарат берді.
Гүлер өз мәлімдемесінде «Бұрын жүргізілген шектеулі және мерзімді операциялардың орнына террордың көзін жою стратегиясымен үздіксіз және жан-жақты операция жүзеге асыру арқылы барлық террор ұйымдарына әсіресе PKK/KCK, PYD/YPG және ДАИШ-қа үлкен соққы берудеміз. Табандылықпен жүргізілген операциялар аясында биылғы жылдың басынан бері 2 мың 564 террорист залалсыздандырылды. Түрік әскерінің күш-жігерінің арқасында қазір Зап аймағында операция аяқталды. Аймақтағы іс-әрекетіміз мықты қарқынмен және табандылықпен жалғасады. Аймақта террор ұйымын жою үшін Иракпен Қауіпсіздік ынтымақтастығы және терроризмге қарсы түсіністік меморандумы аясында нақты қадам баса бастадық. Сонымен қатар Ирактың солтүстігінде бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін аймақтық үкіметпен тығыз байланыстамыз. Аймақта қанды лаңкестер жойылғанша күресіміз жалғасады» деді.