«Евфрат қалқаны» аймағында 7 террорист залалсыздандырылды
Бұл туралы Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
2213497
Сирияның солтүстігіндегі «Евфрат қалқаны» аймағында анықталған сепаратист террор ұйымына мүше 7 террорист залалсыздандырылды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде «Террорист қай жерде болса, нысанамыз сол жерде. Қаһарман Түрік Қарулы Күштері Сирияның солтүстігіндегі «Евфрат қалқаны» аймағында анықтаған 7 PKK/YPG террористін залалсыздандырды. Терроризмнің көзін жою үшін әдеттен тыс, жылдам және үздіксіз операцияларды жалғастырамыз» делінген.