Түркия мен Палестина Сыртқы істер министрлері сөйлесті

Хакан Фидан Палестина премьер-министрі және Сыртқы істер министрі Мұхаммед Мұстафамен телефон арқылы сөйлесті.

2212834
Түркия мен Палестина Сыртқы істер министрлері сөйлесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Палестина премьер-министірі және Сыртқы істер министрі Мұхаммед Мұстафамен телефон арқылы сөйлесті.

 

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша Фидан Палестинаның премьер-министрі Мұстафамен Газа және Батыс Шериядағы жағдайды талқылады.

 

Сонымен қатар министр Фиданның палестиналық топтар арасындағы келісімнің маңыздылығына тоқталып, бұл саладағы үрдісті Түркияның қолдайтынын ерекше атап өткені хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар