Ердоғанның Бразилиядағы кездесулері жалғасуда
Ердоған Австралия премьер-министрі Энтони Албанез және «MIKTA» үйлестіру платформасы басшыларымен кездесті.
2211382
Президент Режеп Тайып Ердоған Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен «G20» көшбасшылар саммиті аясында бірнеше кездесу өткізді.
Президент Ердоған Мексика, Индонезия, Оңтүстік Корея және Австралия арасында бейресми кеңесу өткізді. Сонымен қатар «MIKTA» үйлестіру платформасы басшыларымен кездесті.
Ердоған Австралия премьер-министрі Энтони Албанезді қабылдады.
Екіжақты қарым-қатынастар, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланған кездесуде Ердоған екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруға күш салудың жалғасатынын айтты.
Президент Ердоған Израильдің Палестина және Ливандағы геноциді тек аймақ үшін емес, жаһандық қауіпсіздікке қауіп төндіретінін атап өтті. Аймақта бейбітшілік орнағанда ғана әлемде тыныштық орнайтынын білдірді.