«IRADE» - Түрік әуе қозғалысын бақылау бағдарламасы

Жаңа отандық өнім Чукурова және Стамбул Ататүрік әуежайларында қолданыла бастады.

2211088
«IRADE»  - Түрік әуе қозғалысын бақылау бағдарламасы

Түрік әуе қозғалысы ұлттық бағдарламамен басқарылатын болады.

Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу түрік инженерлері әзірлеген алғашқы отандық әуе қозғалысын бақылау бағдарламалық құралы Интерактивті радар талдау және деректер экранының (IRADE) Чукурова және Стамбул Ататүрік әуежайларында қолданыла бастағанын мәлімдеді.

Мемлекеттік әуежайлар басқармасы әзірлеген әуе қозғалысын бейнелеу бағдарламалық құралы туралы жазбаша мәлімдеме жасаған Уралоғлу «Біз Стамбул Ататүрік және Чукурова әуежайларында «IRADE» бағдарламасын қолдану арқылы авиация саласында жаңа дәуір бастағанымызға қуаныштымыз. Алғашқы отандық әуе қозғалысын бейнелеудің арқасында бұл саладағы сыртқы тәуелділіктен арылып, жаңа  отандық технологиялық өнімдерге жол аштық» деді.

Министр Уралоғлу «IRADE» бағдарламалық құралының авиация саласындағы халықаралық стандарттарға сай, қауіпсіз және толығымен түрік инженерлері әзірлеген жоғары технологиялық өнім екенін айтты.

Уралоғлу «Отандық өнім «IRADE» күніне шамамен 5 мың ұшақ қолданатын түрік әуежол қозғалысын бақылауда таптырмас құралы болады» деп өз бағасын берді.



Ұқсас жаңалықтар