Мұрат Курум әділетті әлемге шақырды

Мұрат Курум ТМҰ Қоршаған орта және экология министрлерінің 1-ші жиналысына қатысты.

2210061
Мұрат Курум әділетті әлемге шақырды

Қоршаған орта және қала министрі Мұрат Курум әлемнің бұрын-соңды болмаған метеорологиялық қауіп-қатермен бетпе-бет келгенін айтты.

Министр Курум Бакуде өткен Түркі Мемлекеттері Ұйымының Қоршаған орта және экология министрлерінің 1-ші жиналысында мәлімдеме жасады.

Әлемдегі барлық елдердің метеорологиялық апаттармен бетпе-бет келгеніне назар аударған Мұрат Курум «Соңғы жарты ғасырда әлем бойынша 11 мыңнан астам табиғи апатта 2 миллионнан астам адам қайтыс болды» деді.

Климаттың өзгеруі салдарына назар аударған Курум климаттық дағдарыстың ауыртпалығы қаржыландыруға қол жеткізе алмайтын елдерге түсетінін атап өтті.

Мұрат Курум «Барлық елдер 4,5 триллион долларлық жаһандық экономикалық шығынға ұшырады. Климаттың өзгеруіне себеп болмаған немесе оған ең аз себеп болған елдер де осы келеңсіз жағдайлардан зардап шекті» деді.

Мұрат Курум Түркия ретінде Түркі Мемлекеттері Ұйымындағы елдерден алатын күшпен әділетті әлемге шақырды.

Кездесуге Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанның қоршаған ортаны қорғау министрлері мен Түркі Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы қатысты.

Министрлер бірлескен іс-шаралар туралы «Министрлік декларациясына» қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар