Америкалық мұсылман қоғамы өкілдерімен кездесті

Мұсылмандардың өз күштерін сезініп, болашақтарын өздері құруы керектігін айтты.

2210030
Америкалық мұсылман қоғамы өкілдерімен кездесті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі  төрағасы Нуман Куртулмуш мұсылмандардың өз күштерін сезініп, болашақтарын өздері құруы керектігін айтты.

Нуман Куртулмуш америкалық мұсылман қоғамы өкілдерімен кездесті.

Кездесуде Куртулмуш АҚШ-тағы мұсылман қауымы өкілдерінің атқарып жатқан іс-шараларын мұқият қадағалап отырғанын айтып, қауымдастықтар, мекемелер мен бірлестіктер арасындағы тығыз ынтымақтастық пен байланыстың артуы маңыздылығына назар аударды. Мұсылмандардың өз күштерін сезініп, өз болашағын құруы керектігіне назар аударған Куртулмуш Ислам әлемі әсіресе Палестина мәселесінде қатарын нығайтқан жағдайда бірлесе күресу ынтасын арттыратынын айтты.

Оңтүстік Африканың Израильге қарсы Халықаралық сотта ашылған геноцид ісінің Палестинаға қатысты жаңа дәуірді ашқанын атап көрсеткен Куртулмуш «Мұсылмандар ретінде барлық күш-жігерімізді осы іргелі мәселеге жұмылдыруымыз керек» деді.

Ол Израильдің басқыншылығына қарсы тұру және Палестина мәселесіне шешім табу үшін әр салада күрестің жалғасуының маңыздылығына тоқталды.  

Куртулмуш Палестина мәселесінде Түркия үкіметі, парламенті және халқының бірдей ойлайтынын және Палестина мәселесінің Түркия үшін ұлттық мәселе екенін, Түркия ретінде Израильдің адамшылыққа жатпайтын шабуылдарын тоқтату және осы тақырыптағы гуманитарлық майданды одан әрі күшейту үшін жұмыс істеп жатқандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар