Түркия мен АҚШ Сыртқы істер министрлері сөйлесті
Хакан Фидан кеше кеште Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті.
2209581
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше кеште Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Сыртқы істер министрі Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Өнджу Кечели «X» әлеуметтік желіде "Біздің Сыртқы істер министріміз Хакан Фидан бүгін кеште АҚШ Сыртқы істер министрі Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті. Министрлер арасында Газадағы соңғы жағдай, Ливандағы оқиғалар және Әзербайжан мен Армения арасында бейбітшілік орнатуда қол жеткізілген прогресс талқыланды," – деп мәлімдеді.