Емине Ердоған БҰҰ Бас хатшысымен кездесті

Кездесуде «Нөлдік қалдық» жобасының жұмыстары талқыланды.

2209618
Емине Ердоған БҰҰ Бас хатшысымен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) «COP29» саммитінде БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришпен кездесті.

Кездесуде климаттың өзгеруімен күрес және экология мәселелері, Ердоғанның қамқорлығымен басталған «Нөлдік қалдық» жобасы бойынша жұмыстар талқыланды.

Бірінші ханым Ердоған Гутерришке өзі басқаратын БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі тұлғалары нөлдік қалдықтар жөніндегі кеңесінің жұмысы туралы баяндады.

Әлеуметтік желі парақшасында Гутерришпен жаһандық климаттық мақсаттарға қол жеткізу туралы пікір алмасқанын айтқан Емине Ердоған «Мен басқаратын БҰҰ-ның «Нөлдік қалдық» жобасының климаттың өзгеруіне қарсы күресті күшейту жұмыстары туралы Бас хатшыға баяндадым. Осы саладағы көшбасшылығы мен зор үлесі үшін Бас хатшыға алғыс айтамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар