"HÜRJET"-тің екінші прототипі көкпен қауышты

«TUSAŞ» өндірген Түркияның алғашқы ұлттық реактивті оқу ұшағы "HÜRJET"-тің екінші прототипі алғашқы ұшуын сәтті аяқтады.

2209606
"HÜRJET"-тің екінші прототипі көкпен қауышты

Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі (TUSAŞ) құрған Түркияның алғашқы ұлттық реактивті оқу ұшағы "HÜRJET"-тің екінші прототипі алғаш рет ұшырылды.

Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібінің жариялаған мәлімдемесіне сәйкес өндірілген алғашқы "HÜRJET" реактивті оқу ұшағы алғашқы ұшуын 2023 жылдың 25 сәуірінде орындады.

"HÜRJET" осы күнге дейін 140-тан астам сынақты сәтті аяқтады.

Алғашқы прототипінде 45 мың фут биіктіктен жоғары көтеріліп, дыбыстық жылдамдықты асқан ұшақтың екінші прототипі 26 минут бойы ауада болып, әртүрлі маневрлік сынақты орындады.



Ұқсас жаңалықтар