Президент Ердоған Бакуде
Ердоған 29-шы Климат саммитіне қатысады.
Президент Режеп Тайып Ердоған Эр-Риядта өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы мен Араб Лигасының кезектен тыс бірлескен саммитінен кейін Әзербайжанға барды.
Президент Ердоған Әзербайжанның астанасы Бакуде ұйымдастырылған «Біріккен Ұлттар Ұйымы «COP29» Әлемдік көшбасшылар климат саммитіне» қатысуда.
Ердоғанды Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.
Президент Ердоған Бакуде 29-шы Климат саммитінде сөз сөйлеп, екіжақты кездесулер өткізеді.
Кездесулерде халыаралық қарым-қатынастармен қатар жаһандық және аймақтық оқиғалар, әсіресе Газа мен Ливандағы соңғы жағдай талқыланады.
Ердоған саммит аясында Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармерді Бакуде қабылдады. Кездесуде Түркия мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Президент Ердоған Түркия мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту және сауда көлемін арттыру жұмыстары жалғасатынын білдірді.
Ердоған Түркияның аймақтағы, әсіресе Украина, Палестина және Ливандағы қақтығыстарды тоқтату талпыныстарының жалғасып жатқанын білдірді.